Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

СПОРТ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

СПОРТ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІСпорт күні мерекесіне орай Қызылорда қаласында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Спорт саласындағы мекемелер арасында шағын-футболдан турнир, орталық стадионда гимнастикалық жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, орталық стадионда сала мамандарын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов құттықтап, облыста спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады. 
Олардың ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хатымен «Абзал и К» толық серіктестігі директоры, спорт жанашыры Мұрат Сәрсенбаев бар. Сонымен қатар, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ облыстық филиалының «Еңбек ардагері» медалімен- тоғызқұмалақтан Азия және Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Еркетай Иманбаев, «Құрмет белгісі»медалімен футбол ардагері – Сәрсен Қиятбаев марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: