Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бокстан Азия чемпионы елге келді

Бүгін теміржол вокзалында дүбірлі той болды. Сыр халқы бокстан Азия чемпионы Нұрсұлтанды күтіп алды. 


Демалыс күні екеніне қарамастан Сыр чемпионын күтіп алуға ниет білдірушілер өте көп болды. Перрон Нұрсұлтанның спорттағы ұстаздары, туған-туыстары, достары, өзі оқитын Қорқыт Ата атындағы университеттегі ұстаздары мен группаластары және жас боксшылармен толды. 
Естеріңізге тағы бір сала кетейік, Тайландтың Бангкок қаласында Бокстан 19-22 жас арасында өткен Азия чемпионатында ерлер арасында Сыр спортшысы 54кг Алтынбек Нұрсұлтан (2003ж) 1-орын иеленген болатын.
Чемпионымыздың осы күнгі жетістігіне жаттықтырушылары Төкенов Сейтжан, Алиев Жанабек, Жүсіпов Жамильдің еңбегі зор.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: