Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Фабио Капелло: Қазақстанның дамып келе жатқанын көремін

Ресей құрамасы Қазақстан құрамасымен өткізетін жолдастық матч алдындағы жаттығуын өткізді. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы баспасө қызметі. Жаттығудан кейін Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло мен қорғаушы Василий Березуцкий баспасөз мәслихатына қатысты. 

 

- Ұлттық құрамада әлі ойнамаған футболшыларға өзін көрсетуге мүмкіндік беремін – дейді Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло. - Мен Қазақстанда Англия құрамасымен болдым, кейін Алматыда өткен Әлем жұлдыздарының ойынына келдім. Мен елдің дамып жатқанын көремін. Өте жақсы екі спорттық нысанды көрдім. Сол себепті, Қазақстанда футболдың дамып жатқанына сенемін. 
- Бүгін Қазақстан мен Исландия матчын қарадым. Қазақстан тез әрі жақсы футбол ойнайды, - дейді Василий Березуцкий. – Үш орталық қорғаушы ойнайды, бір-біріне пас беріп, допты көлденеңінен жеткізуге тырысады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: