Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Бәріңде жарысқа» атты дәстүрлі жарыс өтті

«Бәріңде жарысқа» атты  дәстүрлі жарыс өттіОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 13 наурыз күні «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы облыстық дәстүрлі жарыс өткізілді. 
Осымен жиырма бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 10 команда, 5 эстафеталық сайыс бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Жарыс қорытындысында Қызылорда қаласының №23 мектеп – лицейі көш бастады. Былтырғы жылы да аталмыш мектептің командасы бірінші орынды иеленген болатын. Былтырғы жылы бесінші орыннан көрінген Арал ауданының №260 орта мектебі – 3 сатыға көтеріліп, күміс жүлдені иеленді. Қызылорда қаласының №198 орта мектебі - үшінші орынды жеңіп алды. Төртінші орынды Қармақшы ауданының №250 орта мектебі еншіледі. 
Одан кейінгі орындарға № 34 (Жалағаш ауданы), №137 (Сырдария ауданы), № 249 (Қазалы ауданы) және №244 мектеп (Шиелі ауданы), №163 мектептер (Жаңақорған ауданы) ие болды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: