Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ


Қызылорда қаласындағы №212 мектеп-гимназиясында 1968-1996 жылдар аралығында жұмыс атқарған КСРО халық ағарту ісінің үздігі , Қазақстан Республикасының ағарту ісі" төсбелгісінің иегері Отызбайұлы Кеңесбек ағайды еске алуға арналған воллейболдан турнир өткізілді.
Турнирге қала мектептерінен №212, 222, 267, 261 мектептердің үздік ойыншылары жəне №212 мектептің түлектері қатысты. Сайысқа мектебіміздің ардагерлері, құрметті қонақтарымыз Шаймерден ағай мен Төребек ағайлар төрелік етті. Нəтижесінде 1 орын мектеп түлектеріне, 2 орын №212 мектеп-гимназиясына, 3 орын 2№61 мектепке тиесілі болып, ойыншылар алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды. "Үздік ойыншы " Алданжаров Мұратбек, "Үздік шабуылшы" Ахметов Алишер, "Үздік қорғаушы" номинациясы Құлымбетов Ғазизге бұйырды. Турнирге Кеңесбек ағайдың отбасынан інілері, келіндері, немерелері келіп сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді. Ойын соңында Кеңесбек ағайдың əруағына ас беріліп, құран бағышталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: