Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшылар озық шықты

Қызылордалық спортшылар озық шықтыАлматы қаласында таеквондодан спорт интернаттар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық спортшылар 17 жүлдені иеленіп, жеңіспен  оралды. 
Командалық сында  жиырма салмақ дәрежесінде сынға  түскен таеквондошылар өзара  жеңімпаздарды анықтады. Республикамыздың барлық өңірінен қатысқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз намысты қолдан бермей 6 алтын, 6 күміс, 5 қола медальдарды қоржынға толтырып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орында -  Алматы қаласы, үшінші орында – Астана қаласы. 
Жекелей есепте Назым Сланова (33 келі), Мейіржан Жақсылық (37 келі), Гүлбала Абызбаева (41 келі), Нұрай Мұратқызы (44 келі), Ботагөз Қапанова (47 келі) және Жібек Көпен (+59 келі) ел чемпиондары атанды. 
41 келіде Зарина Нұрғазиева, 47 келіде Наталья Пак, 55 келіде Гүлжайна Мұхтарова мен Дөнес Сыдықов, 63 келіде Арайлым Өмір, +63 келі Аружан Әбдіқадыр  күміс жүлдеге ие болды. 
41 келіде Бақытжан Амангелді, 45 келіде Руслан Мұхтаров, 55 келіде Балнұр Сәрсенбай, 73 келіде Нұрсұлтан Сәрсенбай, +73 келіде Талап Тастыбаев  чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі. 
Айта кетейік, былтырғы жылы Шымкентте спорт интернаттар арасында өткен ел чемпионатында сыр спортшылары  3-ші орынды иеленген болатын. 
Сондай-ақ,  ел чемпионатының алдында Алматыда таеквондодан 700 спортшы қатысқан «Барыс кубогы» атты халықаралық турнирде Қызылорда облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: