Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қақпашы 91,9 метрден гол соқты (ВИДЕО)

Қақпашы 91,9 метрден гол соқты (ВИДЕО)Асмир Бегович - Англия чемпионатында гол салған бесінші қақпашы. Босниялық футболшы Асмир Бегович "Сток Сити" футбол клубымен 2010 жылдың 1 ақпанында келісім-шартқа отырған. Келісім-шарт мерзімі төрт жарым жылды құрайды.
Англияның "Сток Сити" футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы "футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол" ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енді.
2013 жылдың қарашасында "Саутгемптон" командасымен кездесуде ойынның 13-секундында Асмир Беговичтің өз айып алаңынан тепкен добы қарсыластардың қақпасынан табылады. Мамандардың зерттеуі бойынша, Беговичтің голы қарсыластардың қақпасына дейін 91,9 метр қашықтықтан салынған. Осылайша футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол "Сток Сити" қақпашысының атына жазылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: