Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" көшбасшының ұпайын тартып алды

 "Байқоңыр" көшбасшының ұпайын тартып алдыҚазақстан Бірінші лигасында өнер көрсететін Қызылорданың «Байқоңыр» командасы біріншіліктің көшбасшысы Өскеменнің «Востогының» ұпайын жұлып алды. Тіпті, дымсыз қалдыруы да мүмкін еді, алайда жеңісті есепті ұстап тұра алған жоқ.
Байқоңыр – Восток 2:2 (2:0)
Голдар: Тілеуқабылов 42 (1:0), Төлегенов 45+1 (2:0), Е.Шмидт 51 (2:1), Удалов 72 (2:2)
Ескертулер: Дүйсенбаев 47, Рахметов 61 - Шакин 56, Эрбес 78
Байқоңыр: Таңатқанов, Алтаев, Төлегенұлы, Төлегенов (Пахаев 90+3), Рахметов, Дүйсенбаев, Көшеков, Исмаилов (Ысқақов 73), Ыбыраев (Дүйсембаев 63), Тілеуқабылов (Эсонов 81), Қарабек (к)
Резерв: Исламқұлов, Б.Достанов, Н.Достанов
Восток: Андреев, Шевченко (к), Молтусинов, Шабаев, Д.Шмидт, Шакин, Сапарғалиев (Эрбес 55), Е.Шмидт, Ибраев, Шапурин (Аханов 79), Арғымбаев (Удалов 67) 
Резерв: Миллер, Ерланов, Куянов, Тюрин
Төрешілер: Чеховский (Астана), Жаспенов (Алматы), Филипчук (Шымкент)
24 мамыр. Қызылорда. "Локомотив" стадионы. 300 көрермен
Премьер-лигаға жолдама алуды көздеп отырған команда әлсіз болсын ба? «Восток» та құрамы қарымды ойыншылармен толыққан төрт құбыласы тең команда. Сыр жеріне де тек жеңіс үшін келгендері хақ. Алайда Ерлан Шойтымовтың намысты жігіттері салған жерден тізгінді өз қолдарына алып, қонақтар қақпасына сәт сайын қауіп төндірумен болды. Бірақ кілтін бірден таба алған жоқ. Ары піспектеп, бері піспектеп, ақыры үзіліске үш минут қалғанда Алмат Тілеуқабыловтың жойқын соққысы қорғаушылардың біріне серпіліп, «Байқоңыр» есепте алға шықты. Ерлан Шойтымов шәкірттері мұнымен де тоқтаған жоқ. Бірінші тайм аяқтала берер тұста әріптесінің әуелете асырған пасын Абылайхан Төлегенов қақпаға баспен дәл тоғытты. Есеп – 2:0.
Өкінішке қарай, үзіліс жерлестерімізге кері әсер етті. Теңбіл допты алаң иелерінің айып алаңына «теңбіл снарядты» асыра берген қонақтар ақыры мақсаттарына жетіп, ойын аяқталғанша есепті теңестіріп кетті.
Енді Ерлан Шойтымов шәкірттері келесі кездесуін 30 мамыр күні түзде «Ақжайыққа» қарсы өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: