Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІҮстіміздегі жылдың 10-11 маусым күндері Қызылордада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық спартакиада өтті. 
Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 10 команда, 200-ге жуық азаматтар спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті. 
Спартакиаданың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене дайындығын жетілдіріп, спортпен тұрақты айналысуға тарту, саламатты өмір салтын қалыптастыру. 
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 49 ұпаймен Қызылорда қаласының командасы – бірінші, 42 ұпаймен Шиелі ауданы – екінші, ал 41 ұпаймен Сырдария ауданы үшінші орынға ие болды. 
Спорт түрлері бойынша қол күресінен Самат Шаймағанбетов (60 келі, Жалағаш), Жасұлан Молдабаев (70 келі, Шиелі), Жанболат Әлсейтов (80 келі, Сырдария), Әбдірахман Байділдаевтар (+80 келі, Сырдария), жарыс жеңімпазы атанды. Командалық есепте Сырдария ауданының командасы бірінші орынға ие болып, жүлделі орындарды Шиелі және Жаңақорған ауданының спортшылары өзара бөлісті.
Эстафеталық жүгіруде Арал ауданының спортшылары 10 ұпаймен чемпион атанды. Күміс жүлде Жалағаш ауданының, қола жүлде Қазалы ауданының командасына бұйырды. Шахмат сайысында Қызылорда қаласы бірінші орынды иеленсе, Сырдария ауданы екінші, Арал ауданы үшінші орынға ие болды.Тоғызқұмалақ нәтижесінде Сырдария - бірінші, Қызылорда қаласы –екінші, Шиелі – үшінші орындарды еншіледі. Үстел теннисінен Қызылорда қаласының командасы үздік шығып, Шиелі және Қармақшы аудандары жүлделі орындарға ілікті. Пневматикалық мылтық атудан жалағаштық шеберлер ешкімге дес бермеді. Екінші орында – қызылордалық, үшінші орында сырдариялық азаматтар иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: