Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

EURO 2016: Қазақстан құрамасының ойындарын «Қазақстан» көрсетеді

EURO 2016: Қазақстан құрамасының ойындарын «Қазақстан» көрсетедіҰлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» телеарнасында сағат 21.00 де арнайы жоба эфирге шығады.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының EURO 2016 іріктеу турниріндегі Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.
2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлеріне қарсы матч 10 қазан күні «Астана-Арена» стадионында өтпек. Трансляцияның басталу уақыты – 21.40.
Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» телеарнасында сағат 21.00 де арнайы жоба эфирге шығады. 40 минутқа жоспарланған тікелей эфир барысында студия қонағы мен жүргізуші алдағы матч жайлы ойларын ортаға салады.
Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы кездесуін Ұлттық құрамамыз 13 қазан күні қонақта, Латвия футболшыларына қарсы өткізеді. Аталған матчтың трансляциясы Астана уақытымен 00.30-да басталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: