Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әлем чемпионатында алтын алды

Әлем чемпионатында алтын алдыҮстіміздегі жылғы 4-16 маусым аралығында Финляндияның Сало қаласында пауэрлифтингтен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде 93 келі салмақ дәрежесінде 23 жасқа дейінгі жастар арасында сынға түскен Ерлан Смағұлов еліміздің намысын қорғап, Әнұранын шырқатты. 
Ол жалпы есепте 785 келіні көтеріп (зілтемірді иығына қойып, тізесін бүгіп көтеруден – 290 келі, шалқадан жатып, екі қолмен сығымдап көтеруден – 185 келі, белін тік ұстап, жерде жатқан зілтемірді тізесін бүгіп отырудан – 310 келі), 2 әлем рекордын орнатты. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Ерлан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 
Ол бұған дейін Қазақстан (2015 ж.) және Азия чемпионы (2015 ж.) атанған. Байқоңыр қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім алатын Ерланның осындай жетістіктерге қол жеткізуіне үлес қосқан бапкері Роман Ковалевтың еңбегін атап айтсақ артық болмас. 
Айта кетейік, Әлем чемпионатына 703 спортшы қатысты.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: