Елімізде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту барысында мемлекет тарапынан көптеген шаралар қабылданып, өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Осы орайда Шиелі ауданында «Тірегіміз татулық –тілегіміз тыныштық» атты кездесу өткізілді. Кездесуге аудандағы өзге этностар мен қатар облыстық Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Ибраев Уәлихан қатысты. "Үлкен Ел-Үлкен Отбасы" жобасы аясында өткізілген кездесу барысында ұлтаралық қатынасты нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар этнос өкілдері марапатталды.