Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Евгений Свешников: "Қайсардың" бүгінгі қарқыны қатты болды"

Евгений Свешников: "Қайсардың" бүгінгі қарқыны қатты болды"«Қайсар» - «Шахтер» кездесуінен кейін қонақтардың бас бапкерінің міндетін атқарушы Евгений Свешников баспасөз мәслихатын өткізіп, ойын туралы өз ойын білдірді. Бұл жөнінде "Қайсардың" баспасөз қызметі хабарлады.
-Ойлаған біраз дүниелерімізді жүзеге асыра алдық. Бірақ тағы да сәттілік жолдас болмады. Алаң иелері бүгін жақсы ойнады. "Қайсардың" қарқыны қатты болды. Енді бізге келесі матчтарға тыңғылықты дайындалу қажет.
-Жаңа бас бапкердің есімі қашан анықталады немесе өзіңіз қызметке толыққанды кірісесіз бе?
-Бұл маған емес, басшылыққа қойылатын сұрақ. Маған қаншалықты мүмкіндік береді, соншалықты жұмысымды жалғастырып, командама пайдамды тигізуге тырысамын.
-«Шахтердің» сәтсіздігіне не себеп? Әлде қаржылай қиындықтар бар ма?
-Шынын айтсам, себебін өзім түсіндіре алмаймын. Команда жап-жақсы жаттығып жүр. Жақсы ойыншылар бар. Дегенмен, әлі де кейбір шептерді күшейту қажет. Ал қаржы жағынан ешқандай да қағажу жоқ. Футболшылар жалақыларын толыққанды уақытылы алып отырады.
-Андрей Финонченко мен Александр Мокин қашан жарақаттарынан айығады?
-Бұлар қазір клуб дәрігерінің қарауында. Аздап жаттығып жүр. Бірақ жақын арада алаңға оралулары неғайбыл.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: