Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" әлі де жеңіске жете алар емес

"Қайсар" әлі де жеңіске жете алар емес Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында Қызылорданың «Қайсары» Қарағандыда турнир кестесіндегі көршісі «Шахтермен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
Шахтер – Қайсар 1:1 (0:1)
Голдар: Молдақараев 31 (0:1), Фещук 53 (1:1)
Ескертулер: Карпович 38, Джидич 40, Петрацци 90+1 - Шестаков 36, Ирисметов 65, Митошевич 85
Шахтер: Мокин, Габышев, Мулдаров, Джидич (к), Дэвид, Ермеков, Коструб, Димов (Карпович 28), Фещук (Вошаглик 57), Финонченко (Петрацци 89), Топчагич 
Резерв: Шацкий, Тарасов, Порываев, Алишаускас
Қайсар: Прядкин, Ирисметов, Кляйн (к), Балтаев, Кейлер, Шестаков, Митошевич, Калинин, Розыбакиев (Алтынбеков 71), Матвеенко (Алтаев 90+3), Молдақараев (Хунт 84)
Резерв: Нәрзілдаев, Нурмухаметов, Струков, Вороговский
Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Попов (Павлодар), Полуэктов (Тараз)
19 қыркүйек. Қарағанды. "Шахтер" стадионы. 1 800 көрермен
"Биыл екі команданың да жолы болар емес. Бірінің жолы болар емес, екіншісі қаржыдан қағажу көруде. Әйтеуір, турнир кестесінің соңғы орындарына бір-ақ түсті. Бірінші лигаға түсіп қалудан басты үміткерлер ретінде де мамандар осы командаларды атауда. Сондықтан, Қарағандыда командалар үш ұпай үшін барын салып, жасыл алаңда ақ тер, көк терге түсті" деп хабарлайды "Қайсардың" баспасөз қызметі.
Қызылордалықтардың бас бапкері Федор Щербаченко негізгі құрамға біршама өзгеріс енгізіп, Йосип Кнежевичтің орнына Илья Калининді шығарыпты. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті кешірім жасаған Сергей Кейлерге де негізгі құрамнан орын табылды. Ал шабуыл шебінде Жасұлан Молдақараевтың өзі ойқастады. Айта кетейік, Жасұлан жерге қаратқан жоқ. Бапкерлер алқасының сенімін ақтап, Калининнен жеткен пасты голға айналдырды. Бұл ойынның 31-минуты болатын. Одан кейін де жерлестеріміз ойын тізгінінін уыстарынан шығармай, сәт сайын «кеншілер» қақпашысы Александр Мокиннің зәре-құтын қашырумен болды.
Өкінішке қарай, жеңісті голды ұстап тұра алмадық. 53-минутта «Қайсардың» қақпасына айып добы белгіленіп, алаң иелерінің шабуылшысы Максим Фещук стандартты жағдайды жақсы орындады. Сонымен, қорытынды есеп – 1:1, «Қайсар» енді келесі кездесуін 27 қыркүйек күні Талдықорғанның «Жетісуына» қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 17:00-де басталмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: