Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» БАҚ ӨКІЛДЕРІН ТІРКЕУДІ БАСТАДЫ

«ҚАЙСАР» БАҚ ӨКІЛДЕРІН ТІРКЕУДІ БАСТАДЫҮстіміздегі жылдың 16 наурызынан бастап  «Қайсар» футбол клубы ҚР Біріншілігі және Кубогінің аясында Қызылорда қаласынада өтетін ойындарға БАҚ өкілдерін тіркеуді бастады. Бұл жөнінде Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлім етті.
Тіркеуден өту үшін «Қайсардың» баспасөз қызметіне 2016 жылдың 5-ші сәуіріне дейін келесідей талаптарды орындауы тиіс. Ұсынылған құжатты ұйым атауы, БАҚ атауы мен типі, қызметкердің аты-жөні, қызметі, бас редактордың (басшының) қолы және ұйымның мөрі, аккредитациядан өтетін әр қызметкердің байланыс мәліметтері (электронды пошта және мобильді нөмір) секілді талаптар болуы тиіс.
«Қайсар» ФК-ның баспасөз қызметі қандайда бір себеппен тіркеуге рұқсат бермеуге құқылы.
Тіркеуден өткен қылқалам шеберлері стадионның тиісті секторларына өтуге рұқсат беретін бейдждер алады.
Сонымен қатар, Тіркеуден әлеуметтік желілерде 1000 адамнан артық тұрақты жазылушылары бар парақша әкімшілері де өте алады. Ол үшін тапсырыс хатына міндетті түрде парақшаның скриншотын және сілтемесін көрсету қажет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: