Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тоғызқұмалақтан бірінші орын алды

Тоғызқұмалақтан бірінші орын алдыҮстіміздегі жылдың 11-17 мамыр аралығында Қостанай   облысында әйелдер арасында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 30,5 ұпай жинап,  көш бастады. 
Екінші орынды  28,5 ұпаймен Ақтөбе облысы иеленсе, 28 ұпаймен Қостанай облысының командасы үшінші орынды еншіледі. Ел чемпионаты тоғызқұмалақтың классика түрінен өтті. Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Хәкімжан Елеусінов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. 
Нәтижесінде Үміт Сақташова (Арал ауданы), Ақерке Кенжебекова (Сырдария ауданы), Ұлдана Махамбетамин (Қазалы ауданы), Қызжібек Әбілда (Жалағаш ауданы) және Нұрсұлу Маханова (Сырдария ауданы) команданың бірінші орын алуына өз үлестерін қосты. 
Айта кетейік, чемпионат қорытындысында облыс құрама командасында шеберлік байқасқан төрт спортшымыз (Үміттен басқасы) ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ал Үміт ақпан айында Алматы қаласында өткен Қазақстан кубогында жеңімпаз атанып, спорт шебері нормативін орындаған болатын. 
Енді спортшыларымыз маусым айында Жамбыл облысында ересектер арасында болатын (блиц, рапид) ҚР чемпионатына дайындалады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: