Мартин Кляйн: "Биыл бізден сәттілік теріс айналды"
«Қайсар» футбол клубының капитаны Мартин Кляйн команданың биылғы сәтсіздіктері жайлы өз пікірін білдірді.
-Биылғы сәтсіздіктеріміздің себептері жайлы дәл қазір әртүрлі пікір айтуға болады. Бірақ біз барлығымыз жасыл алаңда барымызды салдық. Ешқайсымыз да аянып қалған жоқпыз. Тек жеңіс үшін алаңға шығатынбыз. Осы орайда «Қайсардың» биылғы көрсеткішін өткен маусыммен салыстырып жататындар көп. Бірақ былтыр біз соншалықты қатты ойнаған жоқпыз ғой. Ол кезде тек сәттілік біз жақта болатын. Биыл сәттілік бізден теріс айналды. Оның үстіне, былтырғы құрамның біразы өзгерді. Команда капитаны ретінде жанкүйерлерден «Қайсардың» биылғы ойындары үшін кешірім сұраймын, - деді жанкүйерлермен болған кездесуде чехиялық легионер.