Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада шахматтан ел біріншілігі өтеді

Үстіміздегі жылдың 20-31 наурыз аралығында Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, республикалық және  облыстық шахмат федерацияларының ұйымдастыруымен өтетін жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан 450-ге жуық  шахматшы шеберлік байқасады. 

 

Қызылордада шахматтан ел біріншілігі өтеді

 

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан  өтеді. Бағдарлама бойынша классика, рапид және блиц түріне 8 және 18 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.  Аталмыш жарыста Қызылорда облысының намысын 37 спортшы қорғайды. 
Жарыста 1-3 орынды иеленген спортшылар қараша айында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына, мамыр айында оқушылар арасында Тайландта және қазан айында жасөспірімдер арасында Грецияда болатын Әлем чемпионаттарына қатысады. 
Жарыстың салтанатты ашылуы 20 наурыз күні сағат 14.00-де «Мұз айдыны» спорт кешенінде. Басталуы сағат 15.00.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: