Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Көрермен көзайымы" Нұрым Сәлімгереевке бұйырды

"Көрермен көзайымы" Нұрым Сәлімгереевке бұйырды«Қазақстан барысы» турнирінде жақсы өнер көрсетіп, техникалық ерекшелігімен көзге түскен балуанға «Көрермендер көзайымы» номицинациясы табысталып келе жатқаны белгілі. Биыл бұл жүлде қызылордалық Нұрым Сәлімгереевке бұйырды. 
Нұрымның салмағы 105 келі. Бұған дейін ол "Жас барыс» турнирінде топ жарған. Жақында Аягөзде өткен ҚР чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Өкінішке қарай, «Қазақстан барысы-2015» турнирінің ширек финалында Бейбіт Ыстыбаевпен белдесуде есе жіберіп қойды. 
Лотореяға ойындарына тігілген «Hyundai Elantra» көлігі өз иесін тапты. Ол Семей қаласының тұрғыны – Бауыржан Арғынбеков. Шығыс балуандарына жанкүйер болуы үшін арнайы келген оның билеті табысты болды. «Билеттік семейлік 50 жанкүйермен бірге 5 мың теңгеге сатып алған едім. Орным 22 қатардан бұйырды. Билет нөмірін хабарлағанда сенбедім. Анықтап қарасам, менің билетімнен ұтыс шығып тұр», деді ол қуанышын жасыра алмай. Турнирден кейін су жаңа автокөліктер иелеріне табысталды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: