Оқу-жаттығу жиынының екінші күнінде қатарға жаңа 3 ойыншы қосылды.
Буркина-Фасо құрамасының ойыншысы Бен Азиз Загре. Алаңдағы негізгі қызметі орталық қорғаушы. Португалдық “Гимарайнш” , армениялық “Улисс”, даниялық “Эсьберг” секілді командалардың намысын қорғаған. Бен Азиз “Қайсардың” Түркиядағы бірінші жиынында да болып, “Олимпекке” қарсы ойында гол соқты.
Сонымен қатар Өзбекстан құрамасына кандидат футболшы Шохрух Абдурахмонов та біліктілігін байқатуға келді. Шохрух өткен жылы беларусьтік “Энергетик БГУ” командасының негізгі құрам ойыншысы болып, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Алаңдағы негізгі қызметі жартылай қорғаушы.
Сондай-ақ өткен маусымда “Ақтөбемен” чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алған Владимир Гинайтис те қасқырлармен бірге жаттығуға кірісті. Ол “Ақтөбеден” бөлек молдовалық “Флорешты”, “Свынтул Георге” секілді командаларда доп тепкен.