Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ФИФА РЕЙТИНГІНДЕ ҮЗДІК ЖҮЗДІККЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ФИФА РЕЙТИНГІНДЕ ҮЗДІК ЖҮЗДІККЕ ЕНДІ

 

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) ресми сайтында  жарияланған рейтингінде Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 15 орынға көтерілді. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Рейтинг жаңартылған уақыт аралығында Қазақстан құрамасы бір жолдастық матч өткізді. Отандық бапкерлер Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев дайындаған қазақстандық футболшылар Далянь қаласында Қытай құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы енді ФИФА рейтингінде 97-ші орында тұр. Біздің құрама әлемнің үздік жүздігіне 2001 жылдан бері алғаш рет қайта оралды. Ұлттық құраманың ең үздік көрсеткіші 2001 жылдың желтоқсан айында тіркелген еді. Сол кезде құрама 98-ші орыннан көрінген болатын.
ФИФА рейтингінің алғашқы ондығы да өзгеріске ұшырады. Өткен айдағы үздік бестік сақталғанымен, Еуропа чемпионы атанған Португалия 8-ші орынға көтерілсе, финалға жеткен Франция 10 орынға жоғарылап, 7-ші сатыға тұрақтады. Италия құрамасы үздік ондықты түйіндеді.
2018 жылғы Ресейде өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластарының ішінен Польша мен Армения құрамалары ұпай қосып, рейтингтегі жағдайын түзеп алды.
 
ФИФА рейтингі. 14 шілде:
1 (1). Аргентина — 1585 ұпай,
2 (2). Бельгия — 1401,
3 (3). Колумбия — 1331,
4 (4). Германия — 1319,
5 (5). Чили — 1316,
6 (8). Португалия — 1266,
7 (17). Франция — 1189,
8 (6). Испания — 1165,
9 (7). Бразилия — 1156,
10 (12). Италия — 1155,
16 (27) Польша - 1011,
24 (22) Румыния - 856,
44 (36) Дания - 630,
95 (90)  Черногория - 382,
97 (112). Қазақстан - 359,
102 (110) Армения - 348.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: