Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН: РИО ОЛИМПИАДАСЫНА КЕШІКТІМ

ИЛЬЯ ИЛЬИН: РИО ОЛИМПИАДАСЫНА КЕШІКТІМ

 

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья Ильин допинг дауына байланысты биылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына бара алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Рио ойындарына кешігіп қалған шығармыз...»,-деді спортшы бүгін кешке жаттығу бөлмесіне Астана журналистерін шақырып, әңгімелескен кезде. 
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қоса, енді Ильяны 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында да допингке жататын препараттар қолданды деп айыптап отыр. 
«Рио ойындарына барып үлгермейтін шығармын... Келесі Олимпиада Токиода өтеді. Жалпы, допинг дауынан кейін сағым қатты сынған жоқ, себебі, әлі жаспын, бойымда күш-қуатым бар, яғни, мен әлі өзімді дәлелдей аламын деген сөз. Тіпті, осы даудың аяғы мен қалағандай болмаса да мен спортты тастамаймын»,-деді Илья.
Ауыр атлет артынан ерген жас спортшыларға сабақ бергісі келетінін де айтты. 
«Мен ауыр атлетиканы қатты жақсы көремін, спортты жақсы көремін. Мына дау қалай аяқталса да, мен спорттан кетпеймін. Мені жаттығу үстінде көргісі келетін жастар көп, мен оларға зілтемірді қалай көтеру керегін үйрете аламын. Жаттығу залына келсем, жаным жай табады, бұл жер менің үйімдей»,-дейді Илья.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: