Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшылар Ақтөбеден олжалы оралды

Ақтөбе қаласында гір көтеруден және қол күрестен өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз облыс қоржынына 4 медаль салды.

Гір көтеруден жастар арасында  95 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Жалағаш ауданының спортшысы Ерасыл Аубакир жеңіс тұғырына көтерілді.
85 келіде әуесқойлар арасында жалағаштық Абдулхасан Сейтенов қола жүлдегер атанды.
Ал қол күрестен сынға түскен шиелілік Захар Сибриков 70 келі салмақта  алтын медаль жеңіп алса, қармақшылық спортшы Роман Швец 75 келіде үшінші орыннан көрінді. Қос спортшы да Ташкентте өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушылары, гір көтеруден Оразбек Медетбаев және қол күрестен  Талғат Қанаев  дайындады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: