Шымкентте каратэ-додан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 19 медальмен (4 алтын, 5 күміс, 10 қола) оралды.
6-7 жас аралығында ката бағдарламасы бойынша Арсений Кублицкий, 16-17 жас аралығында Марта Ким(-59 келі), 18 жастан жоғары Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі) ел чемпионы атанса, 6-10 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында Ердос Кенжалиев, Павел Барыбин және Сергей Осиповтер командалық катада бірінші орынды иеленді.
10-11 жас аралығында ката бағдарламасында Айжан Ермекбаева, 14-15 жас аралығында Ақмарал Бекназар(+54 келі) мен Дінмұхаммед Мейрам (-63 келі), 16-17 жас аралығындаАқтолқын Ерғабылова (-48 келі) менӘділет Оралбектер (+76 келі)екінші орынды иеленді.
8-9 жас аралығында Сұлтан Шақатов (-25 келі), Мұхтарәлі Ермекұлы (+30 келі), ката бойынша Павел Барыбин, 10-11 жас аралығында Самрат Асылбек (-30 келі), Сергей Осипов (-35 келі), ката бойынша Айжан Ермекбаева, 12-13 жас аралығында Дәуренбек Берманов (+50 келі), 16-17 жас аралығында Әділет Төлеу (-55 келі), Азамат Сансызбай (+76 келі), 18 жастан жоғары Сүйіндік Мантайлар (-60 келі) қола жүлдені иеленді.