Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстанның Паралимпиадалық ойындарына үздіктер іріктеледі

Бүгін, 10 наурызда Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" СК мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бірқатар спорт түрлерінен облыстық біріншілік басталды.

 

Қазақстанның Паралимпиадалық ойындарына үздіктер іріктеледі

 

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың қоғамда алатын орны ерекше. 
Аталмыш жарысқа Қызылорда қаласынан және аудандардан 8 команда спорттың бес түрінен (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және пневматикалық мылтықтан ату) қатысуда. Сайыстың негізі мақсаты - үстіміздегі жылдың маусым айында Павлодарда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында болатын Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарына іріктеу.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: