Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Дәулет Ниязбеков Азия біріншілігіне қатысады

Дәулет Ниязбеков Азия біріншілігіне қатысадыЕліміздің еркін күрес құрамасы Катар астанасы – Доха қаласында Азия біріншілігінде сынға түседі. Құрама бапкерлері сол дүбірлі додада Қазақстан намысын қорғайтын балуандар тізімін жариялады.
Аталмыш тізімде біздің облыстың спортшысы Дәулет Ниязбеков те бар. Кезінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған балуан сарықұрлық сайыпқырандары шеберлік байқасатын айтулы бәсекеде 61 келі салмақта бозкілемге шығатын болды.
Бапекерлер өзге салмақтарда төмендегі балуандарға сенім білдіріп отыр:
57 келі: Расул Қалиев
65 келі: Мейіржан Әшіров
70 келі: Нұрлан Бекжанов
74 келі: Жігер Закиров
86 келі: Азамат Дәулетбеков
97 келі: Әлихан Жұмаев
125 келі: Дмитрий Попов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: