Үстіміздегі жылдың 2-3 сәуір күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисі, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өткізілді.
Биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 12 команда қатысып, үздіктер анықталды. Екі күнге созылған жарыстың қорытындысында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бірінші орынды иеленді. Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы екінші орынға ие болса, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының командасы үшінші орынды қанағат тұтты.