Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Облыстық футбол федерациясының жаңа басшысы сайланды

Бүгін, "Мұз айдыны" спорт кешенінің мәжіліс залында облыстық футбол федерациясының  кезекті конференциясы өтті. 
Жиынға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов, облыстық футбол федерациясының 1-ші вице-президенті Болат Көшербаев, атқарушы директоры Асқар Сереков, федерация мүшелері, ардагерлер, жанкүйерлер,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары қатысты. 
Жиналыста  облыстық футбол федерациясының атқарылған жұмысы   жайлы баяндама оқылды. Жиын барысында облыстық футбол федерациясының жаңа президенті лауазымына облыс әкімінің орынбасары  Серік Ахмет тағайындалды. Ол өз кезегінде өңірде футболдың жандануына үлес қосатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Жақсылық Оспанов футбол федерациясының вице-президенті болып сайланса, атқарушы комитеттің 9 адамнан құралған жаңа құрамы бекітілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: