Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболшы жүрек талмасынан көз жұмды

Футболшы жүрек талмасынан көз жұмдыМалайзияның "Т-Тим" командасының нигериялық қорғаушысы Дэвид Ониа жолдастық кездесу барысында жасыл алаң үстіне құлап, сол күйінше есін жимастан аураханада көз жұмды. 
Ол 1985 жылдың 5 маусымында Нигерия астанасы – Лагос қаласында дүниеге келген. Өзінің футболшылық мансабын екінші лигада ойын көрсететін нигериялық "Динамо" командасында бастаған. Өзінің айтуынша, 2004-2007 жылдары Әзірбайжанның "Нефтчи" (Баку) командасының намысын қорғаған. Дегенмен, ресми деректер бойынша ондай мәліметтер тіркелмеген. 2007-2011 жылдарда Өзбекстанның Самарканд қаласының "Динамо", 2012 жылдарда Ташкенттің "Бунедкор" және Жызақ қаласының "Согдиана", 2012-2013 жылдарда Бұхараның "Бұхара", 2014 жылы Ферғананың "Нефтчи" командаларында ойнаған. 2014 жылдың күзінде ол өмірінің соңғы күндерінде ойнаған малайзиялық клубқа ауысқан еді. 
Интернет желесіндегі деректер бойынша ол Самарканд қаласында тұратын орыс қызымен үйленіп, бұл некеден Энжел есімді қыз бала дүниеге келген. Оның ата-анасы Нигерияда тұратын көрінеді.  
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: