Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Жетісуға" жол берді

"Қайсар" "Жетісуға" жол берді Бүгін, 26 шілдеде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің алғашқы кезеңі аяқталды. Биылғы доп додасын сүреңсіз өткізіп жүрген Қызылорданың "Қайсары" бірінші кезеңнің соңғы кездесуінде сырт алаңда Талдықорғанның "Жетісуына" 1:2 есебімен жол берді.
«Жетісу» – «Қайсар» 2:1 (1:1)
Голдар: Галиакберов 12 (1:0), Шестаков 22 (1:1), Галиакберов 57 (2:1).
Ойын барысында "Жетісу" сапынан Руслан Галиакберов 12 және 57 минөттерде қос доп соқса, оған "Қайсар" бір ғана голмен жауап қайырды. Оның авторы – Кирилл Шестаков.
Осының нәтижесінде "Қайсар" турнир кестесіндегі орнын сақтап қала алған жоқ. "Жетісу" өз жеңісінен кейін біздің команданың орнына жайғасты.  
"Қайсар" 7 тур бойы жеңіс тойын тойлаған жоқ. Жерлестеріміз 5 мәрте қарсыластарына есе жіберсе, тек 2 ойында таразы басын тең ұстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: