Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Зарина Дияс Серена Уильямспен ойнайды

 

Дияс АҚШ-та басталған BNP Paribas Open жарысының екінші кезеңінде хорват Донна Векичті екі сетте жеңді. Қос сет те 6:3 есебімен аяқталды. Енді Дияс америкалық Серена Уильямс ойнайды. Бұл жөнінде "Аламан" сайты хабарлайды.
Уильямс екі сетте румын Моника Нилулескуді 7:5, 7:5 есебімен басым түсті. Жарысқа қатысып жатқан тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева бірінші айналымда чех Тереза Шмиткова 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға өткен. Ол енді сербиялық Ана Ивановичпен ойнайды.
BNP Paribas Open — Үлкен шлем жарыстарынан кейінгі жүлде қоры қомақты әлемдегі тек таңдаулы теннисшілер қатысатын ірі турнир. Былтыр бұл жарысты италиялық Флавия Пеннатта жеңген еді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: