Кәсіпқой футбол лигасы төрағасының орынбасары тағайындалды
Павел Демян Кәсіпқой футбол лигасы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл орын Бағлан Ергешев лига төрағасы болып сайланғаннан кейін бос болған еді.
Павел Станиславович футболшы мансабында «Химик» (Степногорск), «Целинник», «Спартак» (Тамбов), «Болат» (Теміртау), «Жеңіс» (Астана) клубтарында ойнады. Ол 192 голдың авторы, ҚР спорт шебері атағына ие.
Футтболшы мансабын аяқтағаннан кейін «Химик» (Степногорск), «Жеңіс», «Евразия» клубтарында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап Кәсіпқой футбол лигасының жетекші маманы қызметін атқарды.