Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Олимпиада астанасы ашық дауыс беру арқылы таңдалуы мүмкін

Олимпиада астанасы ашық дауыс беру арқылы таңдалуы мүмкін2014 жылы Сочиде Халықаралық Олимпиада комитетінің ақпандағы сессиясында осы комитет мүшесі болып сайланған Поуль-Эрик Хойер Олимпиада астанасы үшін дауыс беру ХОК-де ашық түрде жүргізілуі керек деген батыл ұсынысын білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Олимпиада чемпионы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімді реформалар жасауға көндірмек ниетте. Журналистермен ой бөліскен Поуль-Эрик Хойердің айтуынша, Олимпиада астанасы үшін дауыс беру Халықаралық Олимпиада комитетінде ашық түрде жүргізілуі керек. Бұл түрлі өсек-аяңнан аулақ болуға көмектеседі және үміткерлер өзара келісісіп алды деген күдіктен арылтады. Оның үстіне, өз қалаларын алға тарту үшін қаражат салған ұйымдастырушылар ХОК-нің қаншама мүшесі өз дауыстарын олардың қаласына береміз деп уәде еткендерімен, неліктен олардың ұтылып қалғанын түсінбейді. Әлемдік бадминтондағы басты спортшының пікірінше, ашықтық пен шынайылық өтініш беру үдерісіне қатысуға әлдеқайда көп қаланы тартады. Олардың бәрі дауыс берудің әділ өткеніне сенімді болады.
ХОК-нің Монте-Карлодағы кезектен тыс сессиясы 8-9 желтоқсанда өтеді. Онда 40-қа жуық маңызды шешім қабылданбақ. Солардың арасында ең төңкерісшіл шешім - Олимпиада астанасын таңдауда ашық дауыс беру болуы мүмкін. Себебі, ұзақ жылдардың ішінде алғаш рет 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына үміткер ретінде екі-ақ қала - Алматы және Бейжің қалалары қалып отыр.
Айта кетейік, 1996 жылы өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Хойер сондай-ақ 2013 жылы бадминтоннан Халықаралық федерация президентінің орынтағына сайланған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: