Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ақмалхан Холматов жаңа қызметке келді

Ақмалхан Холматов жаңа қызметке келдіҚазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің орынбасары қызметіне тәжірибелі қазақстандық рефери Ақмалхан Холматов тағайындалды. Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмалхан Холматов 2001 жылдан бастап Қазақстанның жоғары дивизионының матчтарында төрелік етті. Бас төреші ретінде 200-ден астам матчта қызмет атқарды.
2013 және 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік төрешісі атанды. Сонымен қатар, Ақмалхан Бекмұратұлының Әлем Чемпионаты мен Еуропа Лигасының іріктеу турнирлерінде, құрамалардың жолдастық кездесулерінде жұмыс тәжірибесі бар. 
- УЕФА-ның төрешілер конвенциясы бойынша инспекторлары тексеріс жүргізіп, біздің департаменттің жұмысына жоғары баға берді, - дейді Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Маттео Трефолони. Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры толықтай тәуелсіз болуы тиіс. Ақмалхан Холматов төрешілердің мәселесімен жақсы таныс, маусым қорытындысы бойынша бірнеше рет үздік рефереи деп танылды. Сол себепті бұл қызметке Холматовты тағайындау дұрыс шешім деп ойлаймын. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: