Төрешінің ысқырығы естілді. Матч басталды. Бірінші минуттан түркиялық футболшылар басымдықты қолға ала бастады. Бірінші шабуылды Арда Тұран ұйымдастырды. Айып алаңына көтерген пасына ешкім үн қатпады. Қазақстан құрамасының қорғаушылары қауіптің бетін қайтарды. Самат Смақов алаң жиегінде жүрген Марк Гурманға алыстан пасты дәл берді. Ол допты Ұлан Қонысбаевқа жеткізгенімен, соңғысының соққысы тура болмады.
Алғашқы минуттан бастап алаң ортасында тартыс басталды. Шабуылдардың бірінде түрік футболшысы Озан Туфан айып алаңына еніп, әдемі құлады. Алайда, төреші ойыншының бұл әдісіне алданбады. Сәлден соң Ұлан Қонысбаевтың қақпашымен бетпе-бет шығуына мүмкіндік болды, алайда ол әріптесінің алыстан берген пасына үлгермей қалды. Тағы бір сәтте Сергей Хижниченко қарсыластың қақпасына нысанаға алған еді. Дегенмен, қапталдағы төреші оның ойыннан тыс қалғанын байқап қалды.
Ойынның 20 минутына Стас Покатилов қорғаған қақпаға Хакан Чалханоглу күшті соққы жасады. Алайда, біздің қақпашы сенімді ойнады.
Ойынның 23 минутында Юрий Логвиненко допты сәтсіз шығарды, дегенмен қарсыластың соққысы да мардымсыз болды. Стадионға жиналған жанкүйерлер «толқын» ұйымдастырып, ойыншыларға қолдау білдірді.
Юрий Красножан шәкірттері қарсыласты өздерінің ойын алаңында күтіп алуға тырысты. Бұл кейде нәтиже алып келді. Бірақ, түрік футболшылары ереже бұзды.
Түркия құрамасының тағы бір шабуылын бастаған Ардан Тұран оңтайлы тұсқа Бурак Йылмазды шығарғанымен, оның әрекетін Марк Гурман түсініп қойды.
Бірнеше сәттен кейін Түркия қақпасынан алдында қарбалас болды. Айып алаңына көтерілген допты Ұлан Қонысбаев түйіндеуі тиіс еді, алайда оның алдын қорғаушылар орап кетті.
Келесі сәтте өз шеберлігін Стас Покатиловқа көрсетуге тура келді. Ол Арда Тұранның мығым соққысын тойтара алды. Бұл нағыз қауіпті сәттің бірі еді.
Ойынның 30 минутында қазақстандық футболшылар бұрыштама добын көтергенімен, қонақтардың қақпашысы Волкан Бабаджан допты айып алаңның сыртынан шығарып жіберді.
Бір минуттан соң бұрыштама добын түрік футболшылары көтерді. Мехмет Топал алаң иелерінің қуанышына орай, допты қисық ұрды.
Түрік бапкері Фатих Терим алаң жиегінде ашулана бастады. Ойыншыларына алға ұмтылуды, қарсыластың қақпасынан бақыт іздеуді тапсырды.
Генрих Шмидтгальдің пасынан кейін Дмитрий Шомконың гол соғатын мүмкіндігі болды, алайда оның соққысын қақпашы қайтарды.
Түркия құрамасы қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Түрік футболшысы біздің қақпашымен бетпе-бет шыққанымен, Покатилов ереже бұзбай, сенімді ойын көрсетті.
Юрий Красножан шәкірттерінің қарымта шабуылы нәтижелі болуы мүмкін еді. Алайда, Исламхан допты алысқа жіберіп алды.
Ойынның 40 минутында Мехмет Топал біздің қақпашының мұқияттылығын алыстап тексеріп көрмек болды. Бірақ, соққы қақпадан қисық кетті.
Алаң ортасында тартыс жиі болды. Түріктердің пастары дәл шықпағанымен, қорғаныста жасанды офсайд жасауды машықтанып алған.
Төреші бірінші таймның негізгі уақытына бір минут қосты. Бұл уақытта Стас Покатилов шеберлігімен танытпағанда, Түркия құрамасы алға шығып кететін еді.
Бірінші тайм аяқталды, есеп 0:0.
Екінші тайм басталды. Мехмета Топалдың орнына Волкан Шен шықты.
Біздің команда қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Исламхан қапталмен өтіп, қатты соққы жасады. Алайда, оның соққысы қақпандан биік кетті.
Исламхан қонақтардың айып алаңына допты әуелетіп көтерді. Қорғаушылардан кері қайтқан допты Қонысбаев қақпаға бағыттады. Тағы да қисық.
Түркия құрамасы кезекті шабуылн ұйымдастырды. Йылмаздың алыстан бағыттаған соққысы қақпаға дарымады.
Біздің ойыншылар сол қапталмен бірнеше рет өтті. Солардың бірі бұрыштама добымен аяқталды. Исламхан көтерген допты Логвиненко дәл ұра алмады.
Қарсыластың сапынан Йылмаз белсенділік танытқанымен, нәтиже алып келмеді.
58 минутта біздің ойыншылар тағы да бұрыштама добына мүмкіндік алды. Исламханның көтерген добын Волкан Бабаджан қағып алды.
Ойынның 65 минутында Фатих Терим Озан Туфанның орнына Үміт Булутты шығарды.
Қазақстан құрамасы да ойыншы алмастыруға мәжбүр болды. Жарақат алған тәжірибелі Самат Смақовты Абзал Бейсебеков алмастырды. Жанкүйерлер Саматқа алғыстарын білдірді.
Қазақстан құрамасының айып алаңында қарбалас туындады, алайда Покатилов тағы да салқынқандылық танытты.
Командалар шабуылмен алмасты. Соның бірінде гол соғылуы мүмкін еді. Алайда Булут қапталдан келген пасты ұтымды пайдалана алмады.
Тағы бір сәтте Йылмаздың соққысы қақпа бағанасына тиді.
Ойынның 75 минутында Семих Каяны Емре Ташдемир алмастырды.
Бір минуттан соң Юрий Красножан да ойыншы алмастырды. Марка Гурманның орнына Асхат Тағыберген шықты.
Матчтың 83 минутында Ардан Тұран гол соғып, Түрки құрамасын алға шығарды.
Юрий Красножан тағы да ойыншы шығарды. Бауыржан Исламханның алаңдағы орнын Жамбыл Көкеев басты.
88-ші минутта Ренат Абдулин шабуылға ұмтылған, алайда оның ереже бұзғанын байқан төреші ойынды тоқтатты.
Ойынның негізгі уақытына 5 минут қосылды.
Қосымша уақытта Дмитрий Шомко сары қағаз алды.
Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшылары гол соғуа тырысты. Сергей Хижниченконың мүмкіндігі болған еді, алайда бұл жолы да Қазақстан құрамасының жолы болмады.
0:1 – Түркия құрамасы үш ұпайды еншіледі.
Қазақстан футбол федерациясы.