Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕГІ ЖЕТІСТІГІ ЖЕЛПІНДІРДІ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕГІ ЖЕТІСТІГІ ЖЕЛПІНДІРДІ

 

Маңғыстау қаласында өткен ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жекпе-жектен республикалық чемпионатта қызылордалық жасөспірімдер зор табысқа қол жеткізді.
Жерлестеріміз 12 қола, 1 күміс, 2 алтын медальді қанжығаларына байлады. Маңғыстау қаласында өткен ұлттық спорт түрі жекпе-жектен ұйымдастырылған республикалық чемпионатта жеңістікке жеткен 15 бозбала туған жеріне толағай табыспен оралды. Дүбірлі додаға мықты дайындықпен аттанған 7 мен 14 жас аралығындағы жас спортшылар өздерінің шеберліктері мен күш жігерлерін көрсетіп, шаршы алаңда әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланып жанкүйерлерінің үмітін ақтады. Олар жалпы командалық есепте 3 орынға табан тіреді. 12 спортшы қола медальді қанағат тұтса, бірі күміс, екеуі алтын медальді иемденді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: