Сыр футболының түлегі Жасұлан Молдақараев ұлттық құрамаға шақыру алды.
Еліміздің бас командасы 7 маусымда Қытайдың Далянь қаласында сол елдің ұлттық құрамасымен кездеседі. Жасұлан құрамаға алғаш рет шақыру алып отыр. Ол 1987 жылы дүниеге келген. Бүгінгі күні Көкшетаудың "Оқжетпес" командасында ойын көрсетіп келеді. Оған дейін Қызылорданың "Қайсар" клубының намысын қорғаған еді.