Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА КҮРЕСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА КҮРЕСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

 

Жаңақорған ауданында «Белбеу күресінен» ересектер арасындағы Қазақстан Кубогі өтті. 
Жаңақорған топырағында тұңғыш рет өткен дүбірлі доданы Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы және аудан әкімі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы салтанатты түрде ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Жүректілік пен білектілікті талап ететін бұл спорт түрі ауданымызда жоғары деңгейде дамып келеді. Аталмыш спорт түрінен аудан бойынша бес «Спорт шебері» атағын алған балуандарымыз бар. Сондай-ақ, 2013 жылы Домбай қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, чемпион атағын алған, жуырда Қырғызстанда өткен II Дүние жүзілік Көшпенділер ойындарында белбеу күресінен Қола жүлдені иеленген жерлесіміз Мереке Құдайбергенованың жетістігін аудан әкімі ерекеше атап өтті. 
Жарыс 7 облыс аралығында ерлер мен әйелдер арасындағы 12 салмақ дәрежесінде өтті. Командалық есеп қорытындысы бойынша:
1-орын Ақтөбе облысының командасы
2-орын Қызылорда облысының командасы
3-орын Астана қаласының командасы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: