Бүгін, 1 наурызда Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінде жекпе-жектен әртүрлі жас ерекшеліктері бойынша қалалық ашық біріншілік басталды.
Оған Қызылорда қаласының "Кажымұқан" спорт клубы, облыстык жекпе-жек федерациясы, "Орда" әскери патриоттық спорт клубы және әскери мекемелердің спортшылары қатысуда.
Жарыстың бас төрешісі – қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұл. Ол джиу-джитсудан ҚР спорт шебері, ережесіз жекпе-жек түрлерінен әлем чемпионатының күміс жүлдегерлерін дайындаған.