Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Илья жеке рекордын жаңартты

Илья жеке рекордын жаңарттыАуыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, жерлесіміз Илья Ильин жаттығу кезінде жеке рекордын жаңартты. Бұл жөнінде даңқты спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жұртқа жария етті. 
Жаттығы кезінде ауыр атлет жұлқа көтеруде 250 келілік зілтемірді төбесінде ойнатты. Шындығын айтайық, бүгінгі күнге дейін мұндай салмақты бағындырған ешкім жоқ. Ильяның өзі 2012 жылы Лондон Олимпиадасында рекорд жаңартып, 242 келіні бағындырды. Оның бұл жетістігін ешкім қайталай алмады. Сондай-ақ, осындай рекордтар арқасында жерлесіміз қазіргі күнге дейін төрт дүркін әлем чемпионы атанғанын атап айта кеткеніміз жөн. 
Айтпақшы, Ильяның әлі күнге дейін өз салмағында дес бермей келе жатқанын көре алмай, күндеп жүргендер баршылық. Сондай пиғылда жүрген жорамал жасаған шетелдік маманның бірі оны 2016 жылы Бразилиядағы Олимпиадада күміс медаль алады деп көреалмастық жасаған еді. Дегенмен, оған спортшының сағы сына қойған жоқ. Ол жорамалға ешқандай алаңдамайтынын айтты. Өзінің дайындығы зор екенін айтты. Мына рекорды соларға берген жауабы секілді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: