Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» ТҮРКИЯДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУДЕ

«ҚАЙСАР» ТҮРКИЯДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУДЕ Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген Қызылорданың «Қайсары»  алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Командаға Украинаның «Карпаты» клубы қарсылас атанды. Львов қаласының футболшылары біздің команданы 4:0 есебімен тізе бүктірді. Украиналық «Карпаты» өте бай тарихы бар тәжірбиелі команда екені баршамызға мәлім. Алайда, былтырғы маусымды біздің қарсыластарымыз сол елдің Премьер-лигасының 13-ші сатысында аяқтаған.
Сол күні жерлестеріміз румыниялық "Волунтари” командасымен жасыл алаңға шықты. Бұл кездесуде де қызылордалық футболшылар есе жіберіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. 
Еске сала кетейік,қазіргі уақытта «Қайсар» Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Осы мемлекетте біздің команда төрт жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Келесі кездесу Польшаның «Медь Легница» командасы болмақ. Ойын 15 ақпанда өтеді. "Қайсардың" Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуі словакиялық "Борциция" командасына қарсы өтеді. Бұл кездесу ақпанның 17 жұлдызына белгіленген. 
Екінші оқу-жаттығу жиынына аттанған ойыншыларға тоқталар болсақ, бас бапкер олардың есімдлерін әзірге жарияламауды дұрыс деп шешкен. Белгілісі, Қара теңіз жағалауына 27 былғары доп шебері аттанды. Бастысы «Қайсар» клубының намысын бұл маусымда қорғайтын ойыншылар тізімі осы жаттығу жиынынан оралған соң белгілі болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: