Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ауыр атлеттеріміз 14 жүлдемен оралды

Ауыр атлеттеріміз 14 жүлдемен оралдыЖақында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 1999-2001 және одан төменгі жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан 22 команда, 354 ауыр атлет қатысқан сайыста Сыр елінің спортшылары 14 жүлдемен оралды.
Жекелей сында ұлдар арасында 42 келі салмақ дәрежесінде шиелілік Мәди Пернебекұлы, 50 келіде Рахат Айбатов (№1ООРМБЖМ), 56 келіде Ерасыл Ергенбай мен 69 келіде Арыстанбек Жақанша (екеуі де Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат) Қазақстан чемпионы атанды.
38 келіде Ермахан Орынбеков (Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат), 46 келіде Азамат Төлеген (№2ООРМБЖМ), 69 келіде Серікбол Аманжол (№1ООРМБЖМ) күміс жүлдені иеленді.
Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 6 қола жүлдені олжаласа, оның төртеуін шиелілік спортшылар еншіледі. Атап айтсақ, 30 келіде Рамазан Манап, 38 келіде Алмат Асанханұлы, 56 келіде Бексұлтан Төлепов пен 62 келіде Асылжан Бектай. Сондай-ақ, 77 келіде Нұржан Кеңесбек (Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат) пен 85 келіде Әлішер Оразбек (№1ООРМБЖМ) үшінші орынды еншіледі.
Қыздар арасында 53 келіде шеберлік байқасқан шиелілік Айсамал Сансызбаева күміс жүлдені еншілесе, Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат оқушысы Зарина Зархумова қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында облыс құрама командасы екінші орынды иеленді. Қыздар төртінші орынды қанағат тұтты.
Жарыста «Үздік техника көрсеткені үшін» номинациясымен Рахат Бекболат (№1ООРМБЖМ) марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: