Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Марат Сәрсенов - "Қайсар" ФК спорт директоры

Марат Сәрсенов - "Қайсар" ФК спорт директоры«Қайсар» футбол клубына жаңа спорт директор тағайындалды. Клуб басшылығы бұл қызметке қызылордалық маман Марат Сәрсеновті лайық көрді.
Юрий Новиковтың қызметтен кетуінен кейін бұл орын бос болған-ды. Көптеген үміткерлердің арасынан клуб басшылығы Марат Сәрсеновті таңдап, спорт директоры қызметіне тағайындады.
Марат Сәрсенов 1972 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. Қызылорданың «Қайсарынан» бөлек, «Көкшетау», Ақмоланың «Целинник», «Цесна» және Атыраудың «Ақжайық» командаларында доп тепкен. Футболшылық карьерасын аяқтаған соң қорғаушы клубтың құрылымында қалып, алдымен «Қайсардың» әкімшісі қызметін атқарып, өткен жылы дубльдік құрамда бас бапкердің көмекшісі болып, биыл футбол орталығында жеткіншектерді жаттықтырумен айналысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: