Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Федерация кубогын «Орион» жеңіп алды

Федерация кубогын «Орион» жеңіп алдыҚаланың «Локомотив» стадионында Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен Федерация кубогы өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додаға 22 әуесқой команда қатысып, «Орион» футболшылары жеңімпаз атанды.
Апта сайын өтіп жатқан Шағын футбол лигасының аясында ұйымдастырылған аталмыш жарыс бірден көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Көптен күткен турнирге ұйымдастырушылар да жан-жақты дайындалып, бас кубокты арнайы Италиядан тапсырыспен алдыртыпты. Ойындар да тартысқа толы болып, басым бөлігінде жеңімпаздар пенальти сериясы арқылы анықталып жатты. Бір қызығы, бас жүлдеден басты үміткерлердің бірі саналған «Азамат» командасы ширек финалдан ары аса алмай, «Құндыздан» 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. Ал жартылай финалға «Құндыздан» бөлек, «Орион», «Престол» және «САН МҰНАЙ ГАС» командалары жолдама алып, финалға шыққан екі команданы анықтады. Бұл жолы да футболшыларға пенальти сериясына жүгінуге тура келді. Нәтижесінде ақтық сында «Орион» мен «Құндыз» кездесіп, арпалыспен өткен ойында екі жақ та бір-бірін ала алмады. Пенальти тебуде «Орион» футболшылары чемпион атанып, Қызылорда облыстық футбол федерациясы атқарушы директорының қолынан басты кубокты алды. 
«Орион» ойыншысы
Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары да марапатталды. Үздік қақпашы номинациясын «ориондық» Азамат Ахметов иемденсе, үздік қорғаушы атағы «СанМұнайГас» ойыншысы Әли-Ислам Демекбаевқа бұйырды. Үздік шабуылшы «престолдық» Дінислам Асылбекұлы, ал турнирдің үздік ойыншысы атағын «Құндыздың» капитаны Еркін Тобашев жеңіп алды.

Бірінші кезең:
КГЭК – ГерКуб 5:2
Голдар: Мұрат Қыдырбаев-3, Данияр Сыздықов, Қуаныш Құлахметов – Бауыржан Дүйсеков-2.

Zenit – Штурм 2:1
Голдар:Қанат Әлиев, Руслан Тоғызбаев – Жандосбек Нәбиев.

Seven – САН МҰНАЙ ГАС 0:4
Голдар: Досбол Назаров, Арнұр Меңлаяқов, Сағдат Салмурза, Жеңісбек Қамысбаев.

Қаламгер – Орион 0:4
Голдар: Қанат Қанибаев-2, Данияр Сахи-2.

Halyk – Циркон 5:2
Голдар:Медет Егібаев, Шоқан Абзалов, Ғалымжан Әділханов, Нұржан Шакенов, Абдулла Алайдаров – Нұралы Абдухайыр, Рүстем Әбдрахманов.

Орда – ЦОН 1:1, 4:2-пен.
Голдар: Нұрсұлтан Сқақов – Жеңісбек Алматұлы.
Ескертулер: Шахмардан Қамысбаев (О).

Достар – Престол 1:5
Голдар: Дінислам Асылбекұлы-2, Ерлібек Төлегенов, Рүстем Айтмамбетов, Алмат Маханов – Бекзат Мұхамеджанов.

Ай Дан Мұнай – Тұлпар 7:1
Голдар: Ерболат Баймағанбетов-2, Нұржан Серікболұлы-2, Бақтияр Абдуғали, Әзиз Біләл, Дінмұхамед Есенбай – Дінмұхамед Есенбай (автогол).

ДВД КЗО – Кундуз 1:1, 6:7-пен.
Голдар: Шыңғыс Садық – Әсет Меңліқожа.

М.Мәметова – ПМ Агро центр 1:1, 5:4-пен.
Голдар: Азамат Диханбай – Ермұхамед Баймұхан.

Азамат – Арлан 6:0
Голдар: Әзімхан Қосжанов-2, Руслан Тәңірбергенов-2, Руслан Тобашев, Нұрбек Құлымбетов.

Екінші кезең:
КГЭК – Zenit 3:2
Голдар: Нұрдәулет Бөрібай-2, Жомарт Қожахмет – Алтынбек Өмірбекұлы, Руслан Тоғызбаев.

Ай Дан Мұнай – Кундуз 0:4
Голдар: Әсет Меңліқожа-2, Дастан Сарқұлов, Медет Дүзбаев.

М.Мәметова – Азамат 2:7
Голдар: Жомарт Садықов, Әлішер Қанибай – Әзімхан Қосжанов-5, Нұрлан Дайрабаев, Берікбол Алтыбасов.


Ширек финал
КГЭК – САН МҰНАЙ ГАС 2:2, 4:5-пен.
Голдар: Қуаныш Құлахметов, Жомарт Қожахмет – Арнұр Меңлаяқов, Жомарт Өмірзақ.

Орион –Halyk 1:1, 3:2
Голдар: Бекзат Құрманалиев – Медет Егібаев

Орда – Престол 0:1
Гол: Рүстем Айтмамбетов

Кундуз – Азамат 5:1
Голдар: Медет Дүзбаев-2, Әсет Меңліқожа-2, Ержан Батпанов – Дастан Сарқұлов (автогол).


Жартылай финал
Орион – САН МҰНАЙ ГАС 2:0
Голдар: Медет Қосжанов, Данияр Сахи.

Престол – Кундуз 1:1, 4:5-пен.
Голдар:Дінислам Асылбекұлы – Талғат Сыздықов


Финал:
Орион – Кундуз 0:0, пен-3:1


Турнирдің үздіктері:
Үздік қақпашы – Азамат Ахметов (Орион)
Үздік қорғаушы – Әли-Ислам Демекбаев (САН МҰНАЙ ГАС)
Үздік шабуылшы – Дінислам Асылбекұлы (Престол)
Үздік ойыншы – Еркін Тобашев (Кундуз)

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: