Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАҚСТАН ТЕННИСШІЛЕРІНІҢ ОЙЫНЫН ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТЕДІ

ҚАЗАҚСТАН ТЕННИСШІЛЕРІНІҢ ОЙЫНЫН ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТЕДІ

 

Үстіміздегі жылдың 4-6 наурызында Белградта (Сербия) Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан кездеседі.
Бұл матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім кестесі:
4 наурыз (жұма)
18:50. Сербия-Қазақстан. 1-ші ойын. Тікелей эфир
21:30. Сербия-Қазақстан. 2-ші ойын. Тікелей эфир
5 наурыз (сенбі)
19:55. Сербия-Қазақстан. 3-ші ойын. Тікелей эфир
6 наурыз
17:50. Сербия-Қазақстан. 4-ші ойын. Тікелей эфир
20:35. Сербия-Қазақстан. 5-ші ойын. Тікелей эфир
Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.
Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.
Еске сала кетейік, 2015 жылы қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогының ширек финалында Австралия құрамасына 3:2 есебімен есе жіберген еді.
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы 6-шы жыл қатарынан әлемдік элитада ойнауда. Бұл уақыт аралығында спортшыларымыз турнирдің ширек финалына 4 рет шықты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: