Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан бендишілері қола жүлдегер бола ма?

Қазақстан бендишілері қола жүлдегер бола ма?

 

Ресейдің Хабаровск қаласында бендиден (допты хоккей) әлем біріншілігі өтіп жатыр. Бұл жарыс 29 наурызда басталса, 4 сәуірде мәресіне жетеді.
Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Біздің қарсыластарымыз – Ресей, Швеция, Финляндия құрамалары. Жерлестеріміз алғашқы екі ойында қарсыластарына есе жіберіп қойды. 29 наурызда Ресейге 1:10, 30 наурызда Швецияға 4:9 есебімен жол берді. Бұл топтағы 3 орын тағдыры бүгін, 31 наурызда Финляндиямен өтетін ойында анықталады. 
А тобы. 29 наурыз. Швеция – Финляндия 5:1, Ресей – Қазақстан 10:1. 30 наурыз. Ресей – Финляндия 9:1, Швеция – Қазақстан 9:4.
Турнир кестесі. 2 тур. Ресей – 4, Швеция – 6, Қазақстан – 0, Финляндия – 0.
В тобы. 29 наурыз.  АҚШ – Латвия 5:2, Беларусь – Норвегия 5:9. 30 наурыз. Латвия – Беларусь 4:10, Норвегия – АҚШ 6:6. 
Турнир кестесі. 2 тур. Норвегия – 3, АҚШ – 3, Беларусь – 2, Латвия – 0.
Қазақстан құрамасы аталмыш дүбірлі додаға 1995 жылдан бері қатысып келеді. Біздің бендишілер 5 мәрте (2003, 2005, 2012, 2013, 2014) қола жүлдегер атанған. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: