Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Аудан әкімі Азия чемпионын қабылдады

Аудан әкімі Азия чемпионын қабылдадыЖаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов жақында ғана еркін күрестен Азия чемпионы атанған жерлесіміз Дәулет Ниязбековті қабылдады. Ұлттық құрама сапында жалғыз алтынды олжалаған оғлан батырды жеңісімен құттықтаған аудан басшысы чемпионға «Жаңақорған» шипажайына отбасылық жолдама табыстады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. 
Сондай-ақ, Д.Ниязбековтің жеке есепшотына 100 мың теңге аударылатынын сөз етіп, алдағы қыркүйек айында өтетін әлем чемпионатында олжалы болып, Рио-де- Жанейроға жолдама алуына тілектестігін жеткізді.
«Алып анадан туады» демекші, Дәулеттің анасына да ықылас гүлін сыйға тарту етіп, Дәулеттің балалық шағы жайлы емен-жарқын әңгіме құрды. 
Айта кетейік, 6-10 мамыр аралығында Катар астанасы Доха қаласында өткен дүбірлі додаға құрлықтың 26 елінен 340-ден астам палуандар қатысқан болатын. Жаңақорғандық жерлесіміз Азия чемпионатында алғашқы белдесуінде пәкістандық Хуссейн Мудассарды жеңді. Екінші кездесуде қырғызстандық Әділ Маматаевты, жартылай финалда маңғолиялық Номин Батболдтен басым түскен болатын. Ал, ақтық сында ирандық Бэхнам Эхсанпурден айласын асырып, алтын медаль иемденді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: