Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫҚырғызстан астанасы – Бішкекте каратэ-додан өткен IX халықаралық турнирде жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 11 медальмен (3 алтын, 3 күміс, 5 қола) оралды. 
8-9 жас аралығында ката бағдарламасы бойынша Павел Барыбин мен 10-11 жас аралығында Ердос Кенжалиев (екеуі де обл.каратэ-до федерациясы) турнирдің чемпионы атанса, 16-17 жас аралығында кумитэ бағдарламсында 61 келі салмақ дәрежесіне дейін сынға түскен Қайсар Өмірбек (№2ООРМБЖМ) бірінші орынды иеленді. 
Ката сайысы бойынша 10-11 жас аралығында Сергей Осипов (обл.каратэ-до федерациясы), кумитэ бойынша 12-13 жас аралығында 35 келі салмақ дәрежесіне дейін Диас Молдабек («Қажымұқан» СК) пен 18 жастан жоғары Мөлдір Жаңбырбай (ЖСШМ) халықаралық турнирдің күміс жүлдесін иеленді. 
Ката сайысы бойынша 6-7 жас аралығында Константин Каджиев (обл. каратэ-до федерациясы), 8-9 жас аралығында кумитэ бағдарламасы бойынша Гафур Шайхы (№2ООРМБЖМ, -27 келі), ката бағдарламасы бойынша 10-11 жас аралығында Нұрбол Нұрлыбеков (обл. каратэ-до федерациясы), кумитэ сайысында 12-13 жас аралығында Аман Шора ( «Қажымұқан» СК, -35 келі) мен 16-17 жас аралығында Нұрәділ Кеңесбек (ЖСШМ, -61 келі) қола жүлдені иеленді. 
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев және жаттықтырушылар Нұржан Ақпанбет, Рустам Орлов, Әкімжан Нұрғалиевтер дайындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: