Қызылорданың "Қайсар" командасының қосалқы құрамы бүгін, 18 сәуірде Шымкентте "Ордабасы" жастарынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Есепті алғашқы болып қызылордалық команда ашты. Оны 25 минөтте Думан Нәрзілдаев соқты. Ойынның екінші кезеңінде 60 минөтте Самат Шәмші мен 87 минөтте Рахматулла Жакудаев екі до соғып, "Ордабасыны" жеңіске жеткізді.