Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қыздар да құралайды көзге атады

 

Құралайды көзге атқан бұрымды қыздар Жаңақорған ауданы Қыраш ауылында жарысты. Бес аймақ бойынша бас қосқан сайыс мақсаты–Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерен ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету. «Мерген ару-2015» әскери-патриоттық сайысы тақырыбында өткен додаға сұр мергендердің тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды.

 

Қыздар да құралайды көзге атады

 

Бұрымдылардың көздеген бытырасы бірінікі қиыс кетіп, енді бірінікі нысанаға дөп тиіп жатты. Десе де, шын мергенге тұсау жоқ демекші, бас жүлдені тау аймағы мергендері қанжығаларына байлады. Жүлделі II-орынды Сыр аймағынан құрылған сұр мергендер командасы, қос қоланы Төменарық пен Түгіскен аймағынан келген бұрымдылар месе тұтты. Сондай-ақ жеңімпаз команда облыстық «Мерген ару-2015» сайысына жолдама алды. Аудандық білім бөлімінің бастапқы әскери дайындық пәні әдіскері Қ.Оралбеков пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғ.Тасжанов жеңімпаз командаларды дипломмен марапаттады. Осы сайысқа дәстүрлі түрде демеушілік жасап жүрген аудандық «Отан» бірлестігінің кәсіптік техникалық оқу орталығы директоры Б.Ахметов бағалы сыйлықтары мен алғыс хаттарын жеңімпаздарға табыстады. 
Айта кету керек, аталмыш аудандық сайыстан облысқа жолдама алған қос бірдей команда намысты қолдан бермепті. Облыстық «Мерген аруы-2015» сайысында құралайды көзге атқан мерген оқушылар жүлделі I-II-орындарды иеленіпті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: